Бүгін, 11 сәуір күні Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар арасында -тұрақтылық тұғыры және дін және терроризм бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар» бағытында Инновациялық техникалық колледжінің  жастары арасында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу, бейбітшілік пен адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру.

Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог  маманы Қалматаева Мадина Қайратқызы және Шымкент қалалық “Ассамблея жастары” Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдігінің төрағасы Мейірбеков Нұрболат Нұрғалиұлы және Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің маманы Қыпшақбаев Рауан Мухитулы қатысып, түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен оның алдын алу туралы және түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *