15.05.2023 – 18.05.2023 күндері аралығында Шымкент Инновациялық-технологиялық колледжінде оқытушылардың қатысуымен «Жаңа Қазақстан: оқу үрдісіндегі Жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбында оқу-әдістемелік, практикалық конференция болып өтті. Жаңа Қазақстанның адами капиталын дамытуға ықпал ететін шығармашылық бастамалар және идеялармен алмасу, тиімді педагогикалық іс-тәжірибелерді анықтау және тарату мақсатында ұйымдастырылған конференция төрт күнге созылды. Колледж оқытушыларына пайдасы тиетіндей жаңа инновациялық технологиялар мен практикалық іс-тәжірибелер туралы баяндамалар жасалып, көптеген пікірлер, ұсыныстар айтылды. Жұмабай Дидар, Өсербай Сайдулла, Ештаев Жандос сынды үздік баяндамашылардың еңбектері еленіп, колледж әкімшілігі тарапынан марапатталды.