Инновациялық-технологиялық колледжінде 04.10.2022ж. «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тұрғындардың шығармашылық әлеуетін және жастар арасында діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында 1-2 курс студенттерімен жиналыс өтті.
Білім алушылар алдында ОҚМПУ аға оқытушысы, дінтанушы, РАТТ мүшесі Бесбаев Мади, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Тілләбек Саян Аднабекұлы, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкері Кыпшакбаев Рауан Мухитулы, Психолог маманы Көмек Ертаев сөз сөйледі.
Жастарға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, әлеуметтік желіден келетін қауіп-қатерлерден сақтау бойынша ақпарат беру, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.