4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні ретінде тарихымыздың алтын беттерінен орын алды. Мемлекеттік рәміздер ретінде ту мен елтаңба – егемендік және тәуелсіздік идеяларының нақты заттық белгілері. Әнұран – осы ізгі ұғымдардың бірден-бір рухани жаршысы.
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей!
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!