Инновациялық-технологиялық колледждің топ кураторлары Zoom видео-конференциясы арқылы онлайн форматта студенттерінің қатысуымен «Жемқорлыққа жол жоқ» атты тәлімгерлік тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім алушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, «Сыбайлас жемқорлық, парақорлық» әсіресе, мемлекеттік билік органдарында, денсаулық сақтау мекемелерінде, білім беру орындарында қатаң тыйым салынатыны жайында, сондай-ақ ол заң бұзушылық болып есептелетіні жөнінде және жемқорлықпен айналысқан азаматтар ҚР заң алдында жазаланатыны жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде сөз қозғалды.